Алматыда адвокат әйелді өлтіру ісі сотқа жолданды

638

Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматыда адвокат әйелді өлтіру ісі сотқа жолданды

Алматыда адвокат әйелді өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 14 ақпанда Алмалы аудандық прокуратурасы қылмыстық істі қарау үшін сотқа жіберген.

"Өткен жылдың 8 қазан күні қоғамға танымал заңгер А.К. Асанова өлтірілген болатын. Бұл факті Алмалы аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Оның бұрынғы жұбайы Н. прокуратураның келісімімен күдікті деп танылды. Ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Биыл 14 ақпанда Алмалы аудандық прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберді", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу