Алматыда ағаштарды санитарлық кесу әкімдіктің келісімімен ғана жүргізіледі

1061

Мегаполисте үш жыл ішінде миллионға жуық ағаш отырғызылмақ.

Алматыда ағаштарды санитарлық кесу әкімдіктің келісімімен ғана жүргізіледі

Ағаштың ескірген бұтақтарын дұрыс кеспегендер жазаланады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов айтты. Оның сөзінше бұл өзгерістер "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңына сәйкес енгізілуде. 

"Бұрын кез келген адам ағаштарды қалай кескісі келсе, солай кесе беретін. Қанша шағым түсседе біреуді жауапқа тарту мүмкін емес болатын. Жаңа ережелерде ағаштарды дұрыс кесу жолдары қамтылады. Әкімдіктің келісімінсіз санитарлық кесу заңсыз ағаш кесумен теңестірілуі мүмкін. Сонымен қатар ағаштарды басқа жерге отырғызу да әкімдіктің келісімен жүргізіледі",– деді Ержан Сейтенов.

Бұдан бөлек басқармасы басшысы алдығы үш жылда мегаполисте миллионға жуық ағаш отырғызылатынын айтты. 

"Бізде Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғаудың жеке ережелерін әзірлеу және бекіту мүмкіндіктері пайда болды. Соған сәйкес қала әкімдігі үш жыл аралығында Алматы қаласында миллион ағаш отырғызады", – деді Ержан Сейтенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу