Алматыда ағаштардың құлау оқиғасы 4 есе төмендеген

380

Жасыл желектерді инвентаризациялау нәтижелері бойынша Алматыда 84 мыңнан астам апатты ағаш бар.

Алматыда ағаштардың құлау оқиғасы 4 есе төмендеген Фото: Алматы әкімдігі

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі осындай ағаштарды кесу бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Алматының экология және қоршаған орта басқармасының қызметкерлері бір ағаш кесілген жерге ондаған жас көшет отырғызады.

Бірінші кезекте апатты және ескі ағаштар кесіледі. Соның арқасында ағаштар мен бұтақтардың құлауы едәуір төмендеді. Мәселен, өткен жылы 200-ден астам құлау фактісі тіркелген болса, 2023 жылдың басынан бері – 54 факт, оның ішінде 34 ағаш, қалғаны-бұтақтар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу