Алматыда АИТВ анықталған аурухана басшысы жұмысынан шеттетілді

442

Орталық қалалық клиникалық ауруханада АИТВ жұқтыру жағдайы бойынша комиссия жұмысының қорытындысы шықты.

Алматыда АИТВ анықталған аурухана басшысы жұмысынан шеттетілді Фото: gov.kz

Алматыда Орталық қалалық клиникалық аурухана директоры Нариман Табынбаев жұмысынан шеттетілді, деп жазады inbusiness.kz. 

Бұдан бөлек эпидемиология бойынша бас дәрігер  орынбасары, реанимация меңгерушісі, стационардың бас медбикесі және реанимация бөлімшесінің аға медбикесі теріс себептерімен жұмыстан шығарылды. 

"Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы жағдай көрсеткендей, бұл пациенттерді уақтылы тестілеу және регламенттерді сақтау осы жағдайды оқшаулау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуге мүмкіндік берді. Қаланың медициналық мекемелеріндегі инфекциялық қауіпсіздік тұрақты бақылауда екенін еске саламын. Қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету кезінде жүйелі қауіп-қатер жоқ", - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков.

Оның сөзінше, АИТВ-инфекциясы анықталған барлық 3 пациент ЖИТС орталығына диспансерлік есепке қойылды.

"Емдеудің жеке схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілді. Оларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі", - деп жалғастырды басқарма басшысы.

Ведомствоның мәліметінше, аурухана жағдайында медициналық көмек көрсету алгоритмі сақталған әрі жүйелі бұзушылықтар болған жоқ. Пациенттердің жұқтыру фактісі адами фактормен, атап айтқанда, орта медициналық персоналдың жекелеген қызметкерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бұзуымен байланысты.

Комиссия жұмысының қорытындысы бар анықтама материалдары қалалық полиция департаментіне жіберілді.

Еске салайық, осыған дейін Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада 3 адамнан АИТВ анықталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу