Алматыда АИТВ-ға қарсы шаралар күшейтілуде

128

Алматыда АИТВ саласындағы әріптестік диалог арқылы талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматыда АИТВ-ға қарсы шаралар күшейтілуде Фото: gov.kz

Алматы қаласында Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен Жаһандық қор бірлесіп ұйымдастырған "Өмір үшін бірлік" атты диалог алаңында сарапшылар АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикалау және емдеу шараларын, сондай-ақ қызметтерге қолжетімділікті кеңейту мәселелерін талқылады.

"Тек ашық диалог пен ресурстарды біріктіру арқылы ғана біз АИТВ инфекциясының таралуына тиімді қарсы тұрып, пациенттердің өмір сапасын жақсарта аламыз. Бүгінде елде ЮНЭЙДС-тің "95–95–95" стратегиясының көрсеткіштері: АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 87%-ы өз мәртебесін біледі, олардың 89%-ы антиретровирустық терапия алады, ал ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған", – деп атап өтті ҚДИАҒО директоры Роза Қуанышбекова.

Талқылау барысында тестілеуді кеңейту, үздіксіз терапиямен қамтамасыз ету, емге бейілділікті арттыру және стигманы төмендету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін күш-жігерді біріктіру қажеттігі атап өтілді.

Диалог алаңы барлық мүдделі тараптардың арасындағы іс-қимылды үйлестіруге, тәжірибе алмасуға және әріптестікті дамытуға мүмкіндік беретін тиімді платформаға айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу