Алматыда әйел кішкентай 3 баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті

3882

Анасы мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. 

Алматыда әйел кішкентай 3 баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті

Алматыда 28 жастағы әйел мен оның үш баласы 9-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлім етті. 

Ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға "Жетісу" ықшам науданында орын алған. Көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен 28 жастағы әйел үш баласымен бірге секіріп кеткен.

"28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", – деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу