Алматыда әйел өлімінен соң шатырлардың қары жаппай тазаланып жатыр

1284

Алматыда әйел өлімінен соң шатырлардың қары жаппай тазаланып жатыр

Алматыда басына кесек мұз құлап, көз жұмған келіншектің оқиғасынан соң ПИК-тер тапсырма берілді. Қазір олар шатырдағы қар мен мұзды арнайы техниканың көмегімен алуда, деп хабарлайды almaty.tv.

Соңғы екі аптаның ішінде Алматыда жүгенсіз кеткен 38 ПИК басшылары жазаланып, оларға 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.  

"Кешегі жағдайдан кейін пәтер иелері кооперативтерінің бәрін жинап, жиналыс өткіздік. Осындай оқиғалар, апаттар болуы мүмкін екенін жеткіздік. Сондықтан осындай жағдайға жеткізбеу үшін бүкіл ПИК-ке тапсырма берілді. Шатырлардағы мұздың барлығын алып, қарының барлығын тазалап дұрыс жұмыс істеуде", – деді Алматы қаласы Бостандық ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жанат Жақсыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу