Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті

514

Алматының Алмалы ауданында қайғылы жағдай орын алды. 

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті Фото: canva

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел өзі тұрып жатқан көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел-тергеу тобы пәтерді тексеру барысында тергеу үшін маңызы бар материалдар мен мән-жайларды, оның ішінде мазмұны зерделенетін жазбаны анықтады.

Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның толық мән-жайын анықтап, ықтимал себептерін, марқұмның өмір салтын, қарым-қатынас ортасын және қайғылы жағдайға дейін болған өзге де мән-жайларды зерделеуде.

Тексеру қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу