Алматыда әйелдерді зорлаған күдікті сотталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Рустам Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, ер адам қылмысты Баум тоғайында жасаған.
"Айдарханов ұзақ жылға сотталды. Ол 1991 жылы туған, қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-тармағы (Бірнеше рет жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеті) бойынша жазасын алды.
Тергеу барысында Айдархановтың тоғайда әйелдерді аңдығаны белгілі болды. Кейін күдікті оларды пышақпен қорқытып, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасағаны анықталды", - деді Рустам Әбдірахманов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу