Алматыда "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясы өтеді

767

Шара тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында өткізілмек.  

Алматыда "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясы өтеді Фото: mnews.kz

Әлемде жыл сайын нәзік жандыларға қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның ережелеріне сәйкес, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың күні ретінде 25 қарашада атап өтіледі.

Осыған байланысты биыл 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Алматы қаласының аумағында "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық полиция департаменіне сілтеме жасар.

Шара тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полицияға деген сенім деңгейін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өткізіледі.

Акция кезінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Ішкі істер департаментінде есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтау және есепке алу жоспарлануда, алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдалану, сондай-ақ олардың күнделікті өмір саласындағы қылмыстар тарапынан алдын алу көзделіп отыр.

Бұл акция осы іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарту арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ іс-шараға құқықтық кеңес және психологиялық көмек көрсететін сенім телефондары жұмыс істейтін Алматы қаласының дағдарыс орталықтары қатысуда.

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы хабардар болсаңыз немесе сіз осындай зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, бұл туралы үндемегеніңіз жөн! Полицияға "102" немесе мына телефондар бойынша хабарласу қажет:

ПД Алматы - 254-45-99,

Алмалы ауданының ПБ 254-46-09,

Алатау ауданының ПБ 227-55-54,

Әуезов ауданының ПБ 298-53-33,

Бостандық ауданының ПБ 254-47-26,

Жетісу ауданының ПБ 254-49-43,

Медеу ауданының ПБ 254-48-66,

Түрксіб ауданының ПБ 298-54-25,

Наурызбай ауданының ПБ 254-49-48

Дағдарыс орталықтарының телефондары:

ҚҚ "Родник" – 396-19-38;

КММ "Жан-Сая" – "150" (анонимді, тәулік бойы) немесе 87714503450;8-727-243-22-21

ҚҚ "Аналар үйі" -87473114109;87473114051;87473114067

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу