Алматыда әйелдің басын кесіп алған күдіктіні қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды

498

Сот 3 қыркүйекке дейін ұзартуға санкция берді

Алматыда әйелдің басын кесіп алған күдіктіні қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды Фото: aikyn.kz

Алматыда әйелдің басын кесіп, сөмкеге салып, базарға тастап кеткен күдіктінің қамауға алу мерзімі қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты соталды тергеп-тексеру органының талабы бойынша күдікті И.-ді қамауға алу мерзімін екі айға, 3 қыркүйекке дейін ұзартуға санкция берді.

Еске сала кетейік, 12 сәуірде Алматыдағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адам әйелдің басын сөмкеге салып, базар маңына тастап кеткен болатын. Оқиға Станкевич көшесіндегі Алматы-1 базарында болған. Полицейлер мәліметінше, әйелдің денесі Шолохов көшесінің бойындағы саябақтан табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу