Алматыда айна ұрлығы 2,3 есеге азайған

509

Жыл басынан бері 17 адам ұсталды.  

Алматыда айна ұрлығы 2,3 есеге азайған Фото: sputniknews.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің дерегінше, жыл басынан бері шаһарда  көлік айнасының ұрлығы 2,3 есеге азайған. Бөлшектерді қолды қылумен айналысқан 17 адам ұсталса, ұрланған тауарлардың тағы 41 сатып алушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олар ұрланған мүлікті сатып алу мен сатудың 161 фактісі бойынша өзінің кінәсін мойындаған.
 
Жуырда ғана Алматыда автокөлік айналарын ұрлаған топ ұсталды. Ол топқа жол талғамайтын қымбат көліктердің айналарын ұрлап, саудалаған екі адам мүше болған.

"Біздің бөлімше қызметкерлерінің күшімен, Алмалы аудандық полиция басқармасы әріптестерінің көмегімен бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 1986 жылы туған Б.есімді азамат ұсталды. Ол қала аумағында автокөлік айналарын ұрлаумен айналысқан және белгілі болғандай, оларды "Кар сити" сауда үйінде сататын орны бар сатушыға өткізген. Жедел іс-шаралар барысында ұрланған заттарды сатып алушы 1985 жылы туылған Т.есімді азамат ұсталды. Бүгінгі таңда 6 элиталық "Toyota Land Cruiser 200" маркалы жол талғамайтын көліктерінен айна ұрлаған. Айғақты заттар алынды және қылмыстық істердің материалдарына қоса тіркелді",  деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Екі күдікті де қамауға алынды.  Ұрының әрекеті ҚР ҚК-нің 188-бабы біреудің мүлкін ұрлау, қылмыстың тағы бір сыбайласы  – Т.азамат, ҚР ҚК-нің 196-бабы ұрланған затты сату бойынша  қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу