Алматыда Әйтеке би көшесін ұзарту жұмыстары аяқталды

252

Қазір жол таңбаларын сызу, жол белгілерін орнату жұмыстары бітіп, көлік қозғалысы ашылды. 

Алматыда Әйтеке би көшесін ұзарту жұмыстары аяқталды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Әйтеке би көшесін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін ұзарту жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 142 метр болатын жаңа жолдың ені 11,5 метр, екі жағында тротуар бар. Инженерлік коммуникациялар қайта құрылып, жаңа жол белгілері орнатылды.

Әйтеке би көшесіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шығыс бағытта көліктер тек оңға бұрыла алады. Батыс бағытта тура жүруге, оңға және солға бұрылуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу