Алматыда айыппұл төлемеген азамат ұсталды

526

Айыппұлдың жалпы сомасы 1 млн 478 мың 706 теңгені құрайды.  

Алматыда айыппұл төлемеген азамат ұсталды Фото: adyrna.kz

Алматы полицейлері азаматтарға әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеуді ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 – Бұл жүргізуші Абай даңғылы мен Манас көшелерінің қиылысында әкімшілік айыппұлдары төленбеген көлік құралдарын басқаратын жүргізушілерді анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шара аясында ұсталды. Ақпараттық базадан белгілі болғандай, жүргізуші жылдамдықты бұзып, қоғамдық көлік жолағына шығып, жол белгілері мен таңбалау талаптарын бұзған. Қажетті құжаттар толтырылған соң көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамада мәселелер туындамаудың ең жақсы жолы – жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу