Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін тауарлардың көлеңкелі айналымын анықтау мақсатында аталған нарыққа тұрақты түрде талдау жүргізеді.
Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғалары 2023 жылғы 15 маусымда бір салық төлеушіге тиесілі екі автомобильге жанармай құю бекетінде мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 26295 литр болатын жанар-жағармай материалдарының заңсыз айналымын анықтады.
Атап айтқанда, мұнай өнімдерін есепке алмай сақтау және өткізу, бұл "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңды бұзу болып табылады.
Осы заң бұзушылық үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 281-бабының 5-тармағы 8-тармақшасы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған фактілер бойынша шешім қабылдау үшін Алматы қаласының сот органдарына беру жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Алматы тұрғындары акцизделетін өнімді заңсыз өткізудің барлық фактілері бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарласа алады.