Алматыда "Әкімді халық таңдасын!" деп ұрандатқандарға митинг өткізуге рұқсат берілді

1711

Шара 5 ақпанда Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанында ұйымдастырылмақ.  

Алматыда "Әкімді халық таңдасын!" деп ұрандатқандарға митинг өткізуге рұқсат берілді

Алматы әкімдігі қала басшылығын әділ сайлауға арналған митинг өткізуге келісім берді. Бұл туралы Ішкі саясат басқармасы ақпарат таратты, деп жазды inbusiness.kz.

Белсенділер қала әкімін халық таңдауы керек деп есептейді. 

Митинг 5 ақпанда Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанында өтеді. Әлеуметтік желі қолданушылары митингтің ұраны "Досаев, кет!" деп жазуда. Алайда жиынның негізгі мақсаты – әділ сайлау өткізу, қала халқының пікіріне құлақ асу.  

Еске сала кетсек, әкімдік эпидемиологиялық жағдайға байланысты белсенділерге 13 қаңтарда қаралы жиын өткізуге рұқсат бермеген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу