Алматыда әкімдік ғимаратының маңына қоршау салына ма?

1101

Сауалға қала әкімінің орынбасары жауап берді.

Алматыда әкімдік ғимаратының маңына қоршау салына ма?

Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев әкімдік маңына қоршау салу туралы қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Әкімдіктің айналасында өте әдемі қоғамдық орындар бар, сондықтан қоршаулар салынбады. Біз тиісті саланың мамандарымен бірге барлық басқа нұсқаларды зерттеп жатырмыз және мамандардың ұсыныстарын ескере отырып, шешім қабылдаймыз", – деді қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Еске сала кетсек, 5 қаңтарда Алматыда Төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Ол сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы шерулерден басталған. Кейін арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Республика бойынша келтірілген шығынның басым бөлігі – 100 млрд теңгеден аса сома Алматыға тиесілі. Ал қала әкімдігінің ғимараты өртеліп, қиратылды. Шығын көлемі 20 млрд теңгеден асты. Осы ретте желі белсенділері нысанның маңын қоршау туралы ұсыныс айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу