Алматыда әкімдіктер сырғанақтарды жаппақ

962

Жергілікті билік рұқсатсыз ашылған сырғанақтардың ұйымдастырушыларын әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздеп отыр.

Алматыда әкімдіктер сырғанақтарды жаппақ

Алматы аудандық әкімдіктері өздігінен ұйымдастырылған сырғанақтарды жаппақ, деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Пысық бизнесмендер қала тұрғындарына қолжетімді экстремалды қысқы демалысты ұсынып отыр.

Ерекше ештеңе жоқ – сол баяғы баллондар мен шаналар. Ұйымдастырушылар Алатау ауданының демалуға арналмаған бос тұрған адырлы жерлерін таңдап, сырғанау орнын ашып алған.

Баллондарға мініп сырғанаушылар тоқтап тұрған машиналарға қарай сырғанайды. Сырғанақ магистарлды автожолдың бойында орналасқан.

Демалушылар үшін бұл жерде қауіп толып жатыр: баллондарды жалға беру орнының жаны толған кірпіш пен тақтайлар. Қарапайым арматураның қысқа қазығы мен көлік дөңгелектерінен  шектеу жасап қойған. Ұйымдастыруышлардың айтуынша, демалыс күндері сырғанақ тебушілердің саны үш мыңға дейін жетеді.

"Осы жерде төртінші жыл жұмыс істеп тұрмыз. Жыл сайын қараша айында тау бөктерін шөптен тазалап дайындаймыз. Тазалық пен қауіпсіздікті де басты назарда ұстаймыз. Жарақат алатын кездер болады, ондай жағдайда алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырамыз", – дейді сырғанақтың қожасы Серік Атешев.

Жергілікті шенеуіктердің сөзінше, мұндай бизнесті ұйымдастырушылар рұқсатсыз жұмыс істейді. Аталған учаске демалуға арналмаған. Оның нысаналы мақсаты – "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салу.

"Басшылықпен бірлесіп ондай орындарға бірнеше рет бардық. Қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін болған соң, бірнеше рет жаптық та. Енді полициямен бірлесіп шара қолданатын боламыз", – деді Алматы қаласының Алатау ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Әділет Тоқтасынов.

Алатау ауданының аумағында мұндай сырғанақ үшеу. Жергілікті билік барлық ұйымдастырушыны әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу