Алматыда әкімдіктердің лауазымды тұлғалары заңсыз қоқыс тастағаны үшін жазаланды

373

Қалада экологиялық тәртіптің сақталуына қатысты бақылау күшейді.  

Алматыда әкімдіктердің лауазымды тұлғалары заңсыз қоқыс тастағаны үшін жазаланды Фото: almaty.tv

Мониторинг барысында табиғатты қорғау прокуратурасы қала аумағында 30-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заң талаптарына сәйкес аудан әкімдеріне абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру міндеті жүктелген.

Қалдықтарды басқару бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабы 3 және 5-бөліктері бойынша Медеу және Түрксіб аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралар арқылы әкімдіктер, анықталған қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстарын жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу