Алматыда әкімшілік ғимаратта жасырын казино жұмыс істеп келгені анықталды

803

ҰҚК ауқымды операция жүргізді.

Алматыда әкімшілік ғимаратта жасырын казино жұмыс істеп келгені анықталды

Алматыда ТЖ мен карантин режиміне бағынбай жасырын жұмыс істеген заңсыз ойын мекемесі әшкереленді. Мекеменің заңсыз әрекетінің жолын кесу үшін ауқымды операция өткізілді, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

2020 жылғы сәуірдің 24-інен 25-іне қараған түні жедел-іздестіру іс-шарасы өткізіліп, нәтижесінде қаланың орталығында орналасқан әкімшілік ғимараттағы құпия ойынханаға келген 30-дан артық адам ұсталған.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасырын орынға кіру үшін арнайы өткізу жүйесі әрекет еткен, сондықтан ішке тек тұрақты клиенттер ғана кіре алған.

"Аумағы 1000 шаршы метрден асатын казино ішінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында покер мен америкалық рулеткаларға арналған 6 үстел, көптеген ойын карталары мен фишкалар, сондай-ақ бір күндік заңсыз әрекеттен түскен ірі мөлшердегі ақшалай қаражат алынды. Заңсыз ойын мекемесін ұйымдастыру фактісі бойынша ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасырын казиноға қатысқан адамдардың барлығына қатысты төтенше жағдай режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу