Алматыда әкімшілік ғимараттан өрт шықты

Нысанның жанындағы мейрамхана қызметкерлері шұғыл эвакуацияланды. 

Алматыда әкімшілік ғимараттан өрт шықты Фото: informburo.kz

Алматыда әкімшілік ғимараттағы өрт салдарынан көршілес мейрамханадағы келушілер эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

“Медеу ауданында (Төле би көшесі, 24 Б) өрт шыққаны туралы хабарлама 7 қараша күні сағат 18:45-те түскен.  Анықталғандай, бес қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртеніп, жалынның көршілес екі қабатты мейрамхана ғимаратына таралу қаупі туындаған.  Сондықтан 20 келуші мен мейрамхананың 15 қызметкері эвакуацияланды”, – деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт 11 минутта оқшауланып, сағат 19:25-те толығымен сөндірілді. Оның жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрады. Жалынды сөндіруге 9 техника мен жеке құрамның 32 адамы жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу