Алматыда әкімшілік орталық сот шешімімен бұзылатын болды

512

Ғимарат Экспериментальная көшесінің солтүстігі мен Ходжанов көшесінің шығысында орналасқан.  

Алматыда әкімшілік орталық сот шешімімен бұзылатын болды Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Бостандық ауданындағы төрт қабатты әкімшілік ғимарат заңды өрескел бұза отырып салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нысан жоба эскизінсіз салынған, сонымен қатар бекітілген бас жоспардан ауытқулар тіркелген. Қала құрылысын бақылау басқармасы және меншік иесі арасындағы сот процесі 2  жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді.

"Атқару парағы Алматы қаласы Әділет департаментіне 2022 жылдың 5 мамырында жолданған. Нысанды бұзу 09.08.2022 жылға жоспарланған еді. Алайда сот орындаушысының әрекетіне шағымдануын ескере отырып, бұзу жүргізілмеген. Одан әрі жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты үшінші тұлға Алматы қалалық сотына бұзу туралы шешімге апелляциялық шағым түсірді. Алматы қалалық сотының шешімімен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалды", - делінген хабарламада.

Бүгінде орындау Алматы қаласы Әділет департаментінің өндірісінде.

Сот орындаушысы нысанды бұзу мерзімін әлі белгілеген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу