Алматыда "Ақкент" тұрғын үй кешенінде тағы өрт шықты

588

Түтін сорғысы өртеніп кетті.

Алматыда "Ақкент" тұрғын үй кешенінде тағы өрт шықты Фото: ҚР ТЖМ

Алматыда "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін кешкі 19:29 минут шамасында 101 пультіне Алматы қаласы Алатау ауданы Ақкент шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы ақпарат түсті.

"5-ші қабаттағы пәтердің ас бөлмесінде түтін сорғысы өртеніп, қызыл жалын 0,8 шаршы метрді қамтыды. №2 өрт дәрежесі расталмады. Зардап шеккендер жоқ", - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Департамент мамандары азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу