"Қаралып отырған келісім Нью-Йоркте былтыр 27 қыркүйекте жасалды. Құжаттың мақсаты – Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға беру. Келісімде жер учаскесін беру тәртібі мен шарттары айқындалған. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", – деді Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан.