Алматыда АҚШ-тан жеткізілген есірткі контрабандасы бойынша тергеу аяқталды

149

Алматы қаласының арнайы прокурорлары iрi мөлшерде есiрткi заттарын контрабандалау фактiсi бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi аяқтады.  

Алматыда АҚШ-тан жеткізілген есірткі контрабандасы бойынша тергеу аяқталды Фото: almaty.sud.kz

Бұл туралы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу нәтижесінде 2024 жылы тамызда Қазақстан Республикасының екі азаматы Америка Құрама Штаттарынан Алматыға есірткі құралы – марихуана салынған сәлемдемелерді жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды.

"Күдіктілердің бірі ақшалай сыйақы үшін халықаралық жөнелтілімді рәсімдеу үшін өзінің және жұбайының сауалнамалық деректерін ұсынған.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде "Жетісу" кеден бекетінен марихуана салынған сәлемдемелер тәркіленді. Олар іс бойынша заттай дәлелдемелер деп танылды.

Тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының кешені, сондай-ақ сот сараптамаларының нәтижелері, іс бойынша айыпталушылардың құқыққа қарсы қызметін растады.

Күдіктілер ұсталды. Оларға есірткі заттарын контрабандалағаны және оларды сатуға оқталғаны үшін жауаптылықты көздейтін баптар бойынша айып тағылды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс қарау үшін Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына жолданды.

Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдарының заңсыз айналымы ауыр қылмыс болып табылатынын және қатаң қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын ескертеді. Өзінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға беру кезінде сақтық танытуды еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу