Алматыда ақша бопсалаған блогерлер екі айға қамауға алынды

240

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда ақша бопсалаған блогерлер екі айға қамауға алынды Фото: pexel.com

"Бопсалау фактісі бойынша ұсталған күдікті блогерлер сот санкциясымен екі айға қамалды", – делінген Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған дейін Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстаған болатын.

Айта кетейік, күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 млн теңге бопсалаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу