Алматыда ақша бопсалайтын қылмыстық топ ұсталды

411

Күдіктілерден өсімдік тектес ұнтақты зат және травматикалық тапанша тәркіленген.

Алматыда ақша бопсалайтын қылмыстық топ ұсталды Фото: inbusiness.kz

Алматылық полицейлер таныс адамынан ақша бопсалаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматы қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктілердің жәбірленушіден сұраған 1 миллионның 650 мың теңгесін алып жатқан кезде ұстады. Күдіктілер осыдан біраз уақыт бұрын заңсыз алып кеткен көлікті қайтарып беру үшін таныс адамнан ақша бопсалаған.

"Арнайы іс-шара нәтижесінде бес ер адам ұсталды, олардың үлкені 35-те, кішісі 27-де. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 389 бабы ("Өзiнше билiк ету") бойынша тергеліп жатыр. Ұсталғандардың екеуі бұрын ҚР ҚК-нің 96-бабы ("Кісі өлтіру") және ҚР ҚК-нің 287 бабы ("Браконьерлік") бойынша сотты болған", - делінген хабарламада.

Бұл жолы ұсталған кезде күдіктілерден өсімдік тектес ұнтақты зат және травматикалық тапанша тәркіленген. Көрсетілген заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу