Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсекеевтің айтуынша, бұл бағыттағы негізгі басымдықтар Smart City Алматы қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму стратегиясында және әкімдіктің цифрлық трансформация жол картасында айқындалған.
Қазіргі уақытта қаладағы қоғамдық көліктер бейнебақылау камераларымен және GPS жүйелерімен толық жабдықталған, ал жолақыны төлеуде ONAY бірыңғай электронды жүйесі қолданылады.
Алдағы уақытта жолаушылар үшін жолақыны банктік карталар, Apple Pay және Samsung Pay сияқты электронды төлем құралдары арқылы төлеу мүмкіндігі енгізілмек.