Алматыда ақылы автотұрақтарға қызмет көрсететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бүгінгі таңда Алматы қаласының тұрақтарының бірыңғай операторын құру рәсімдері аяқталып, кәсіпорын директоры тағайындалды. Тұрақ аймақтарын одан әрі күтіп ұстау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу жұмыстары басталды", - деп хабарлады ведомство.
Оған дейін автотұрақтарды басқарған компаниялар өз қызметін жалғастырады.
"2022 жылдың 6 желтоқсанындағы жағдай бойынша серіктестіктердің есепшотында 596 млн теңге бар. Бұл сома күн сайын толықтырылып отырады және компания басшыларына қатысты сот процестері аяқталғаннан кейін құрылған мемлекеттік кәсіпорынның есепшотына аударылады", - делінген хабарламада.
Жаңа ұйымды Владимир Ни басқаратын болады.