Алматыда ақылы түрде екпе салдырғысы келетіндердің тізімі жасалуда

764

Оның құны әлі белгісіз.  

Алматыда ақылы түрде екпе салдырғысы келетіндердің тізімі жасалуда

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали неліктен мегаполисте Pfizer екпесі ақылы түрде салынатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикердің айтуынша, бұл Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша басталған науқан.

"Денсаулық сақтау министрлігі, оның ішінде вице-министр қол қойған хат бар. Онда Pfizer вакцинасын ақылы түрде алғысы келетіндердің санын анықтауымыз керек деп жазылған. Бұл хат Қазақстан Республикасының барлық облыстарына жіберілді. Осы хат негізінде әрекет ете бастадық. Басқа аймақтар туралы айта алмаймын, бірақ бізге Денсаулық сақтау министрлігінен хат келгендіктен, бұл сауалға жауап дайындауға тура келді", – деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Еске сала кетсек, 5 желтоқсанда Алматыда ақылы екпеге тіркелу басталғаны туралы ақпарат тарады. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, иммундау №5 және №7 емханалар мен №5 қалалық клиникалық ауруханада жүргізіледі. Ақылы вакцинацияның құны мен басталатын күні әлі белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу