Алматыда ақын-жазушылар байқауының жеңімпаздары марапатталды

1007

"Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі" шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды.  

Алматыда ақын-жазушылар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіздік күні қарсаңында жазушылар қауымдастығымен кездесіп, мерейтойлық датаға орайластырылған "Алматы-Тәуелсіздіктің алтын бесігі" байқауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шығармашылық жұмыстар төрт жанрда ұсынылды – поэзия, проза, балалар әдебиеті, драматургия. 

Асхат Өмірбаев "Әке, елге қайтайықшы!" әңгімесі, Тұрысбек Сәукетаев "Көкшулан" новелласы, Думан Рамазан "Үкім" тарихи драмасы, Патигүл Махсатова қазақ тіліндегі өлеңдер топтамасы үшін жеңімпаз болып танылды. 

Өткен жылы 30 автордың жұмысын басып шығару үшін қаржы бөлінген. Осылайша, жас жазушылардың да, қазақ әдебиеті классиктерінің де еңбегі қолдау тапты. Биыл жүзден астам танымал сөз шебері мен жас авторлардың кітаптары жарық көрді. Кітаптардың тұсаукесері қала кітапханаларында өтеді. 

"Жазушылар қауымдастығын қолдау жалғасады. Сіздер тарихи оқиғалардың шынайы куәсі ретінде оларды жүректен өткізіп, оқырманға жеткізесіздер. Тәуелсіздіктің мерейтойлы жылында сіздерге зор денсаулық пен шабыт тілеймін!", – деді Бақытжан Сағынтаев марапаттау салтанатында. 

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан Жазушылар одағына 820 адам мүше, олардың 400-і Алматыда тұрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу