Алматыда "Ақжар" шағын ауданының 70%-ы сумен жабдықтау жүйесіне қосылды

Станса 1 тамызда пайдалануға берілді. 

Алматыда "Ақжар" шағын ауданының 70%-ы сумен жабдықтау жүйесіне қосылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев "Ақжар" шағын ауданын сумен жабдықтауға арналған каскадты сорғы станциясына барды. Құрылыс жұмыстары биыл мамыр айында басталды. 1 тамызда пайдалануға берілді.

"Наурызбай ауданында сумен қамтамасыз ету проблемасы аудан аумағы мегаполиске қосылғаннан кейін пайда болды және бұл мәселе 10 жылдан астам уақытқа созылып келді. Бүгінде сорғы станциясы салынды. Басты міндет – тұрғындардың ауыз суға тұрақты қолжеткізуін қамтамасыз ету. Біз жүзеге асырып жатқан жобалар негізгі проблеманы – үйлерді сумен жабдықтаудың таудағы су көздеріне тәуелді болмауын шешуге мүмкіндік береді", - деді Ерболат Досаев.

"Ақжар" шағын ауданының 70%-ы немесе 3600-ге жуық жеке үй, сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлер мен білім беру нысандары жыл бойы суға үздіксіз қол жеткізді. Сумен жабдықтаудың жаңа желілері салынған соң абоненттер қосылады. Жобалық қуатына шыққан соң 22 мыңнан астам тұрғыны бар шағын ауданның 5 мыңға жуық үйі ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Жыл соңына дейін Қарғалы өзенінде жаңа сүзгі станциясының құрылысы, 2025 жылдың соңына дейін Ақсай өзенінде осындай сүзгі станциясының құрылысы аяқталады. Мұның бәрі Наурызбай ауданының, сонымен бірге, Алматы облысының 150 мың тұрғынын тұрақты сумен қамтамасыз етуге жол ашады.

Тексеру қорытындысы бойынша әкім аудан тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу