Алматыда әл-Фараби даңғылы жартылай ашылады

413

Алматы мобильділік басқармасы жолды жөндеу жұмыстарының барысы туралы хабарлады.

Алматыда әл-Фараби даңғылы жартылай ашылады Фото: 7kun.kz

Алматыда осы аптадағы орташа жөндеуден өтетін жолдар туралы айтылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап

Жароков көшесінен Жақсылық Үшкемпіров көшесіне дейін әл-Фараби даңғылының бойында қозғалыс ашылады. әл-Фараби және Абай даңғылдары бойынша бірқатар учаскеде қозғалыс уақытша шектеледі.

"13 шілде сағат 06:00-ден бастап Жароков көшесінен Жақсылық Үшкемпіров көшесіне дейінгі аумақта әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалыс ашылады, онда полимерасфальтбетонды пайдалана отырып орташа жөндеу жұмыстары аяқталады. Жаңа технология жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартып, жолдың сызат түсуіне деген төзімділікті арттырады", делінген хабарламада.

Бұған дейін Абай даңғылындағы Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі, Тілендиевтен Розыбақиевке дейінгі, әл-Фараби даңғылындағы Торайғыров көшесіндегі көлік айрығынан Жароков көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталған болатын. Жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу