Алматыда Әл-Фараби даңғылында 600 ағаш отырғызылады

457

Алдымен Есентай өзені арқылы өтетін көпір жаңартылады.  

Алматыда Әл-Фараби даңғылында 600 ағаш отырғызылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Көпірді реконструкциялау аумағында барлығы 101 ағаш кесілген, олардың орнына жаңа ағаштар отырғызылады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Есентай өзені арқылы өтетін  көпірді реконструкциялаған соң Әл-Фараби даңғылының бойына  600-ден астам ағаш отырғызылады. Жасыл желектерді инвентаризациялау және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес, көпірді реконструкциялау аумағында барлығы 101 ағаш кесілген, бұл ағаштар велосипед жолдарының, тротуарлар мен пандустардың конструкциясына түзетулер енгізу үшін алынады, қалған 28 ағашты сақтап, 10 ағашты трансплантациялауға болады", — делінген Алматы әкімдігі хабарламасында.

Жыл соңына дейін кесілген ағаштардың орнына көшеттерді он есе мөлшерде өтемдік отырғызу жүргізіледі.

"Егер біз оларды осында қалдырсақ, ағаштар тамырланады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін кесілген ағаштардың орнына он есе мөлшерде көшеттер отырғызылады. Бұл ретте, жасыл екпелерді қорғау ережелерін ескере отырып, биіктігі кемінде 4 м болатын ірі өлшемді көшеттер отырғызылатын болады", — деді Экология және қоршаған орта басқармасының мониторинг және жасыл қорды басқару бөлімінің басшысы Нұрлан Құтыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу