Алматыда "Әл-Фараби - Иқбал" халықаралық форумы өтті

716

Іс-шара аясында Түркі академиясының әзербайжан тілінде әзірлеген Мұхаммед Икбалдың "Islam Dusuncesinin Rekonstruksiyasi" кітабының, сонымен қатар әл-Фарабидің "Музыка туралы үлкен трактат" атты еңбегінің түрік тілінде жарық көрген нұсқасының және урду тіліндегі "Икбал энциклопедиясы" атты еңбектің тұсаукесері ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда "Әл-Фараби - Иқбал" халықаралық форумы өтті

Форумның салтанатты ашылуына Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSCTECH) Бас үйлестірушісі Иқбал Чаудхари, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Жансейіт Tүймебаев, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Қуаныш Ерғалиев, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Пәкістан Сенатының адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Уалид Иқбал және өзге де сарапшылар мен лауазымды тұлғалар қатысып, сөз сөйледі.

Спикерлер Әбу Насыр әл-Фараби іліміндегі жаратылыс, ақиқат, ізгілікті қоғам туралы ойларын ортаға салып, оның барша адамзат баласына қалдырған мұраларын атап өтті.

Форум аясында Түркі академиясының әзербайжан тілінде әзірлеген Мұхаммед Икбалдың "Islam Dusuncesinin Rekonstruksiyasi" (Исламдық ойды қайта құру) кітабының, сонымен қатар 2020 жылы Исламабадта өткен Әл-Фараби жаһандық форумы материалдарының  ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген жинағының, әл-Фарабидің "Музыка туралы үлкен трактат" атты еңбегінің түрік тілінде жарық көрген нұсқасының  (El-Farabi Kitabu’l Musika’l-Kebir) және урду тіліндегі "Икбал энциклопедиясы" атты еңбектің тұсаукесері өтті.

Сонымен қатар жиында Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Иқбал Чаудхариді Түркі әлемнің ынтымақтыстығын арттырудағы үлесі үшін Түркі академиясының Алтын медалімен марапаттады.

Форумның пленарлық отырысы Икбал философиясы: өткені, бүгіні, болашағы, Икбал философиясы мен поэзиясының жаһандық әсері, ХХІ ғасыр сын-қатерлері және технология тақырыбы бойынша сессиялармен жалғасты.

Секциялық отырысқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Пәкістан, Ұлыбритания, Ресей, Тәжікстан және ИЫҰ-ға мүше елдердің танымал ғалымдары мен сарапшылары қатысып, зерттеу тақырыптары бойынша баяндамалар жасады.

Айта кету керек, 2020 жылы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Тұрақты комитетінің ұйытқы болуымен, Пәкістан астанасы Исламабадта әл-Фарабиге арналған ауқымды іс-шара ұйымдастырған болатын.

"Әл-Фараби-Икбал" форумы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының VIII самиттіндегі ғылым мен технологияны нығайту жөніндегі тапсырмасы сәйкес ұйымдастырылып отыр.

"Форум Фараби мен Икбалдың жаһандық ғылымға қосқан үлесі мен қос ғұламаның рухани сабақтастығын жаңа деңгейге көтеретін алғашқы ауқымды шара", – деп атап өтті Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу