Алматыда ALA жазуы формасындағы бақ пайда болады

549

Алматыда қаланың халықаралық коды – ALA әріптері формасында бақ отырғызылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz жоба авторына сілтеме жасап.  

Алматыда ALA жазуы формасындағы бақ пайда болады Фото: instagram/daut.shaikhislamov

ALA жазуы ғарыштан көрініп, Алматы бағы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Әріптер формасындағы бақ әуе кемесі қонуға дайындалғанда борттағыларға көрінетіндей етіп отырғызылып жатыр. 

"Дүниежүзілік тарихта қалуға тырысамыз. Бұл бірегей орын Гиннестің рекордтар кітабына ең үлкен сөз ретінде кіре алады", - дейді жоба авторы, продюсер Дәуіт Шайхисламов.

Автордың айтуынша, 3 гектардан аса алқапқа 2,5 мың екі метрлік арша отырғызылған.

"Ағаштар – болашақ ұрпаққа мұра. Олар ондаған жылдар бойы өсіп, жасыл желекті қалыптастырып, ең маңызды адами құндылықтарды бейнелейді. Біз осы арқылы біз қалаға деген сүйіспеншілігімізді білдіреміз", - дейді Дәуіт Шайхисламов.

Қоғам белсенділері ертең Алматы әкімдігімен бірлесе ALA бағын отырғызуды аяқтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу