Алматыда Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен орынбасары сотталды

777

Оларға 2019 жылы "Өңірлерді дамыту – 2020" бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты аса ірі көлемде жымқырды деген айып тағылды.

Алматыда Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен орынбасары сотталды

Алматыда Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев пен оның орынбасары Саят Ағыбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімінің 1,2 тармағымен айыпты деп танылып, тонаған қаражатты 10 еселенген түрде қайтаруға міндеттелді (4 162 857*10 = 41 628 570 теңге) . Түпкілікті жаза ретінде оған 40 406 250 теңге көлемінде айыппұл салынды", – деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар оған мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.

Судья Шахмерден Рыспаевқа тағайындалған жазаны өзгертіп, қамаудан қолхатпен босату туралы шешім қабылдады.

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бұрынғы басшысы Өміралиев Еркебұлан ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімі, 1-тармағымен айыпты деп танылып, 3 жыл, 6 айға бас бостандығы шектелді.

Ағыбаев Саят ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлімімен, ҚР ҚК 369-бабының 1-бөлімімен, 189-бабының 3-бөлімінің 1-тармағымен айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айрылды.

Үшеуінің әрқайсысынан жәбірленушілер қорына 50500 теңгеден тәркіленді.

Айта кетейік, Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен оның орынбасары, аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлықпен айналысты деген күдікпен қолға түскен болатын.

Оларға 2019 жылы "Өңірлерді дамыту – 2020" бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты аса ірі көлемде жымқырды деген айып тағылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу