Қалада IT-жобаларды қолдау мен оны дамыту бойынша орталықтар құрылуда.
"Жақында Alatau Creativе Hub ашылады. IT-зертхананың аумағы 1,7 мың шаршы метрге жетеді", — деп жазды қала әкімі.
Бизнес те IT инфрақұрылымды құруға атсалыспақ.
"Технодом" көпсалалы орталығы базасындағы коворкинг-орталығының мүмкіндіктерімен таныстым. Жаңажан бастаған IT кәсіпкерлер, фрилансерлер мен шағын командаларға опен-спейс кеңсесінде орын беріледі", — деп атап өтті Алматы әкімі.
Орынды жалға алу ақысы да қолжетімді. Сағатына, күніне немесе ай сайын төлеуге болады. Бөлмеде 200-ге жуық адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік бар.
"Қаланың әр ауданында ашылатын мұндай орындар IT-индустрия инфрақұрылымының тармақталған желісін құруға мүмкіндік береді. Уақыт өте келе бұлар жаңа технологиялық компаниялардың пайда болуына септігін тигізері сөзсіз", — деді Бақытжан Сағынтаев.
Осылайша Алматының Алатау ауданында Alatau Creative HUB ашылды, оның екінші қабатында жақын арада IT-зертханасы іске қосылмақ.
Мұндай орталықтар қаланың барлық аудандарында құрылатын болады. Келер жылы Алмалы ауданында жеке инвесторлар коворкинг және Academie One бағдарламалау мектебі мен FIFTY FOUR ('54) бизнес-кеңістігі үшін арнайы үй-жай дайындауда. Бостандық ауданында көпсалалы орталық базасында IT-стартаптарға арналған коворкинг-орталық ашылады.