Алматыда алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді

87

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.   

Алматыда алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының прокуратурасы "Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын жою" жобасы аясында Ақсай-1А шағынауданының тұрғындарының шағымдары бойынша кешенді шаралар қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тұрғындар "Школьник" тұрғын үй кооперативінің әрекетіне қатысты шағым түсірген.

– 2014 жылы кооператив төрағасы үйлер жанындағы 1,7 гектар жер учаскесін заңсыз бөліп, оның бірнеше бөлігін үлестес тұлғаларға сатқаны анықталды. Заңсыз сатылған учаскілердің құны 300 миллион теңгеден асады. Осы жағдай бойынша аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі туралы қылмыстық іс тіркелді, жер қолданысына шектеу қойылды, кооператив қызметіне аудит жүргізіліп жатыр, – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар заңсыз жертөле жатақханалары, антисанитария, коммуналдық желілерге өз бетінше қосылу бойынша заң бұзушылықтар анықталды. 

Мемлекеттік органдармен бірлесіп:

  • 10 жатақхананың қызметі тоқтатылды;
  • сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау желілеріне заңсыз қосылуды тоқтата отырып, 14 нұсқама енгізілді;
  • есепке алу аспаптары сәйкес келтірілді.

Қабылданған шаралар қылмыстың санын 50%, қоғамдық тәртіпке қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтар санын 70% төмендетуге мүмкіндік берді.

Осылайша, шағынауданның 15 мың тұрғынының құқығы қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу