Алматыда алаяқтық жасаған адвокат сотталды

489

Алаяқтық жасаған адвокат жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Алматыда алаяқтық жасаған адвокат сотталды Фото: adyrna.kz

Алматы соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Медеу ауданының №2 аудандық сотында азамат Г.-ға қатысты алаяқтық және пара беруге шақырды деген айыппен қылмыстық іс қаралды.

"Сот Г.-ның Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты бола тұра, іс жүзінде жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, шот-фактураларды бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған А. мен Г.-ны қорғап, тергеушілер пара сұрады деген сылтаумен әрқайсысынан 1млн теңгеден алып, оны қолды кеткен", делінген сот хабарламасында.

Сот адвокатты ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-190-бөлігі және 4-бөлігінің 2-тармағы, 28-бөлігі, 4-367-бөлігі және 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды.

"Сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметінен.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу