Алматыда әлемнің әр түкпірінен келген сейсмологтар тәжірибе алмасады

845

Алматы қаласында "Сейсмикаға төзімді құрылыстағы технологиялар" атты халықаралық семинар өтеді.

Алматыда әлемнің әр түкпірінен келген сейсмологтар тәжірибе алмасады

Қазақстан мен Жапония сейсмикаға төзімді құрылыс саласы бойынша тәжірибе алмасады, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

2018 жылдың 17 - 19 қыркүйек аралығында Алматы қаласында "Сейсмикаға төзімді құрылыстағы технологиялар" атты халықаралық семинар өтеді. Семинар аясында жетекші сарапшылар ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикаға төзімділігіне қатысты соңғы әзірлемелерін ұсынады. Олардың қатарында Токио технологиялық институтының, Жапония сейсмикалық оқшауландыру қоғамының (JSSI)  мамандары да бар. Олар Жапониядағы құрылысты реттейтін "Жер сілкінуге тұрақты құрылыс" Заңы туралы баяндайды. Сейсмикалық оқшауландыру ғимараттарына байланысты сарапшылар Жапониядағы жобалау рәсімі саласындағы тәжірибесімен бөліседі.

Өз кезегінде, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ-ның мамандары құрылыстық құрылымдар мен материалдарының вибродинамикалық сынақтары, негіздемелер мен іргетастарды күшейту әдістері, сондай-ақ сейсмикалық оқшауландыру материалдары туралы баяндайды. Құрылыстағы еуропалық нормаларға (еурокодтарға) ерекше көңіл аударылатын болады. Қазақстандық сарапшылар еурокодтардың ұлттық қосымшаларына әзірленген және бейімделген жаңа нормативтік құжаттары туралы айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу