Алматыда әлеуметтік инфрақұрылым жобаларының іске асу барысы қаралды

263

Қалада мектеп, аурухана және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.  

Алматыда әлеуметтік инфрақұрылым жобаларының іске асу барысы қаралды Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы мен қайта жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Жиында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Қазіргі таңда қалада үш жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр, сондай-ақ білім беру ұйымдарына 12 қосымша ғимарат салынып жатыр. Бұдан бөлек, сегіз білім беру нысанында сейсмикалық күшейту жұмыстарын қамтитын қайта жаңғырту жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласында алты жаңа нысанның құрылысы іске асырылып, №7 қалалық клиникалық аурухана қайта жаңғыртылуда.

Кеңес барысында құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуына ерекше назар аударылды. Қала әкімі мұндай отырыстар тұрақты түрде өткізіліп, қажет болған жағдайда нысандарды аралау арқылы көшпелі форматта да жалғасатынын атап өтті.

Жиын соңында Дархан Сатыбалды жауапты органдарға жобалардың орындалуын бақылауды күшейтуді, құрылыс кестесін қатаң сақтауды және нысандарды уақтылы пайдалануға беруді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу