Алматыда әлеуметтік қолдау бойынша 23 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

249

Қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету шаралары жалғасуда.  

Алматыда әлеуметтік қолдау бойынша 23 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда жыл басынан бері әлеуметтік қолдау саласында 23 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның басым бөлігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылған.

Әлеуметтік көмектің негізгі бағыттарының бірі – табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек. 1 шілдедегі мәлімет бойынша, бұл көмекті 1 393 отбасы немесе 7 мыңнан астам алматылық алған.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының мұқтаждық деңгейін бағалау нәтижесі негізінде тағайындалады. Бұл ретте еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы ескеріледі.

Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатын және құрамында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға қосымша төлем қарастырылған. Олар 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай қолдау алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу