Алматыда әлеуметтік салаға тағы 23,1 миллиард теңге бөлінді

728

Қалалық мәслихаттың XLIII сессиясы барысында жергілікті бюджетті қайта нақтылау мәселесі көтерілді.

Алматыда әлеуметтік салаға тағы 23,1 миллиард теңге бөлінді

Алматыда VI шақырылымдағы қалалық мәслихаттың XLIII сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімшілік айыппұлдардан, мемлекеттік сатып алулардан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шығындардың қайта бөлінуіне байланысты бюджет қаражаты есебінен 23,1 млрд теңге басымдықты жобалар мен әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды іске асыруға бағытталатын болды.

Оның ішінде 584,6 млн теңге денсаулық сақтау саласына, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдау үшін  – 4,1 млрд теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға  – 9,8 млрд теңге, қаланы абаттандыруға – 5,6 млрд теңге, қауіпсіздік шараларына  – 211,3 млн теңге, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік  – 1,8 млрд теңге, жол және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 826,5 млн теңге бөлінетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу