Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарды газбен қамту жалғасып жатыр

66

Жобаның мақсаты – ерекше қолдауды қажет ететін тұрғындарды сенімді әрі қауіпсіз газбен қамту.

Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарды газбен қамту жалғасып жатыр Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтардың тұрғын үйлерін газдандыру жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба Алматы қаласы әкімдігінің, "Халық банк" АҚ және "Халық" қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырылып жатыр. Бұл жұмыс қарқынын айтарлықтай жеделдетіп, қосылу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Газдандыру кезең-кезеңмен жүргізіліп, үй иесіне толықтай дайын күйде беріледі. Әлеуметтік осал санатқа жататын тұрғындар есептегіш құралдарды, газ жабдығын, жылыту радиаторларын және басқа да қажетті материалдарды сатып алмайды, барлық шығынды қор өтейді.

Көмек алушылардың тізімін газға қосылу ақысын өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар арасынан жергілікті атқарушы орган анықтайды.

Бүгінде 50 үйде құрылыс-монтаж жұмысы аяқталып, соның 42-сі газға қосылды. Тұрғындар заманға сай газбен қамтудың артықшылықтарын пайдалана бастады.

Сонымен қатар мамандар екінші кезеңнің қамын жасап, үйлерді аралап, құжат реттеу мен жаңа өтініштерді қарастыруды қолға алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу