Алматыда әлеуметтік желі арқылы ақша тауып жүрген алаяқ ұсталды

1490

Ол өзгелердің атынан парақша ашып, пайдаланушылармен сөйлесіп, әртүрлі себеппен қарызға ақша сұраған.

Алматыда әлеуметтік желі арқылы ақша тауып жүрген алаяқ ұсталды

Алматының Алатау ауданында 33 жастағы ер адам тұтқындалды, ол әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашып, қарызға ақша алған, деп хабарлайды inalmaty.kz.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық әрекеттерге бару жиі орын алады.

"Күдікті әлеуметтік желілер арқылы 4 алаяқтық әрекетке барғаны анықталды. Ол өзгелердің атынан парақша ашып, пайдаланушылармен сөйлесіп, әртүрлі себеппен қарызға ақша сұраған. Қаражатты өзінің банктік шотына аударып алғаннан кейін,ұшты-күйлі жоғалған. Айыпталушы жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларды жүргізу кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу