Өзара хабарламалар алмасып, жәбірленушінің пәтеріне кездесу ұйымдастырғаннан кейін оның "таныстары" келіп, өздерін ағасы немесе туысы деп таныстырып отырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олар жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы шағым түсіреміз деп қорқытып, ақша бопсалаған. Осындай оқиғалардың бірі Жетісу ауданының полиция қызметкерлерімен жедел түрде әшкереленді.
Нәтижесінде 3 күдікті ұсталды. Әйел адам мен оның 2 сыбайласы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Қала тұрғындарын ескертеміз, интернет арқылы танысу әрдайым қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан бейтаныс адамдарға сенбеуге, сақ болуға, егер қорқыту немесе бопсалау жағдайы болса, дереу полицияға хабарлауға шақырамыз. Әрбір осындай дерек мұқият тексеріліп, кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.