Алматыда әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өтті

663

Жәрмеңкеге еліміздің барлық аймағынан 161 өтініш келіп түсіп, тек 50 қатысушының жұмысы ғана іріктеуден өткен. 

Алматыда әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өтті

Алматыда әлеуметтік жобаларды дамыту мақсатында жәрмеңке өтті. Бұған дейін 271 жұмысқа қаржылай қолдау көрсеткен ҚР Тұңғыш президент қоры биыл жобалар санын өсіруді көздеп отыр, деп хабарлайды КТК.

Жәрмеңкедегі жұмыстар қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуға бағытталған.     

15-ші рет өткізіліп отырған  әлеуметтік жобалар жәрмеңкесіне биыл еліміздің барлық аймағынан 161 өтініш келіп түсіп, тек 50 қатысушының жұмысы ғана іріктеуден өткен. Қазылар алқасының алдында жобасын қорғап шыққан 30 автор "Аман келешек жанымызда", "Тұлпар Болашақ" және "Болашақ өркениетке жеті қадам" аталымдары бойынша жеңімпаз болады. Жобаларды жүзеге асыру үшін әрқайсысына 500 мыңнан, 3 миллион теңгеге дейін бөлінбек.

"Екінші номинация "Аман келешек" біздің балаларымызға арналған.  Үшінші номинация "Тұлпар-болашақ". Ол біздің еліміздің рухани байлығын дамытады", – дейді ҚР Тұңғыш Президент қорының бас маманы Гүлнар Ершыманова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу