Алматыда "Альфа банк" ЕБ АҚ тонаған деп айыпталушыларға қатысты сот басталды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының ақпараттық қамту бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов. Бұл туралы КазТаг хабарлады.
"Екі адамға қатысты – Бескишкин Максим мен Жуков Иван – іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа келіп түсті. Оларға ҚР ҚК 192 бабы 4 бөлімі бойынша (тонау) айып тағылуда. Басты сот отырысы 29 тамызда болған", - деді Д. Махамбетов бейсенбіде.
Оның айтуынша, басты сот отырысы барысында сотталушылардан жауап алынды, сосын айыпталушылардың қорғаушысы қосымша куәгерден жауап алу туралы өтініш берген. Соған байланысты сот отырысы 7 қыркүйекке ауыстырылған.
Хабарда айтылғандай, қылмыстық іс 3 томнан тұрады.
Еске салсақ, маусым айының аяғында Алматыда "Арай" ТК –дегі "Альфа банк" ЕБ АҚ тоналған. Шұғыл іздестіру шаралары кешенін жүргізу барысында сол қаржылық мекеменің бұрынғы және қазіргі қызметкерлері ұсталды. Соңғысы сілтеушінің рөлін атқарған. Күдіктілер Т65 млн 300 мың қаржыны қолды қылған. Олардан пневматикалық тапанша, электронды кіру қағазы және толық көлемдегі ұрланған ақша тәркіленді.