Алматыда алғаш рет онкологиялық ауруларды емдеу бойынша саммит өтеді

Спикерлер ретінде белгілі халықаралық және отандық сарапшылар шақырылды. 

Алматыда алғаш рет онкологиялық ауруларды емдеу бойынша саммит өтеді Фото: Vlast.kz

Алматыда алғаш рет 2023 жылғы 13-14 шілдеде өтетін "Best of ASCO Kazakhstan-2023" саммиті өтеді.

Бұл Саммит - американдық клиникалық онкология қоғамының (ASCO-American Society of Clinical Oncology) ресми лицензияланған бағдарламасы, біздің дәрігерлер үшін онкология саласындағы соңғы жаңартулар мен таңдаулы сұрақтардан хабардар болуға бірегей мүмкіндік береді.

Спикерлер ретінде белгілі халықаралық және отандық сарапшылар шақырылды. Екі күннің  ішінде әлемнің жетекші онкологтарымен сүт безі обыры мен өкпе обырын емдеуге арналған ғылыми симпозиумдар мен пікірталастар өтеді.

Саммит онкологиялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмекті жақсартуға, пациенттердің өмір сүру сапасына және обырмен күрес саласындағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге әсер етеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - зерттеу, мамандарға білім беру және пациенттерге күтім жасау бойынша сапалы медициналық қызметтерді ілгерілету арқылы онкологиялық аурулармен күресу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу